Сыртқы істер министрі Ислам даму банкінің президентімен кездесті

287

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның Ислам даму банкі арасындағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады.  

Сыртқы істер министрі Ислам даму банкінің президентімен кездесті Фото: gov.kz

Сондай-ақ Банк пен оның институттарының қатысуымен елімізде іске асырылып жатқан бірқатар әлеуметтік-экономикалық жобалардың орындалу барысын сөз етті, деп жазады inbusiness.kz.

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің төтенше сессиясына қатысу үшін Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман әл-Джассермен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның Ислам даму банкі арасындағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін, сондай-ақ Банк пен оның институттарының қатысуымен елімізде іске асырылып жатқан бірқатар әлеуметтік-экономикалық жобалардың орындалу барысын талқылады.

М.Нұртілеу Қазақстанның экономикалық әлеуеті туралы хабардар етіп, біздің ел ИДБ-мен ынтымақтастыққа маңызды мән беретінін атап өтті. Банк тобы Қазақстан Республикасында құны 1,6 млрд АҚШ долларынан асатын 70-ке жуық жобаны жүзеге асырғаны ерекше аталып өтті.

Өз кезегінде ИДБ-нің президенті Қазақстанмен одан әрі табысты ынтымақтастыққа және Банктің Қазақстан экономикасын дамытуға бағытталған жобаларға қатысуына үміт білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу