Әзірге, дипломаттар өз қызметтік міндеттерін орындауды жалғастыра бермек, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ермек Көшербаевтың айтуынша, аталған өңірден консулдық қызметкерлердің отбасы мүшелері мен балалары шығарылды. Қазіргі уақытта дипломатиялық миссия қызметкерлерін эвакуациялау жұмыстары жүргізілмейді.
"Елшіліктерде тиісті қызметкерлер ғана қалды. Ахуал күрделене түссе, оларды да шығарамыз. Қазір қызметкерлер сол елдерде жұмысын жалғастырып жатыр", – деп түсіндірді Көшербаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу