Сыртқы істер министрі ШЫҰ бас хатшысымен кездесті

603

Сыртқы істер министрі ШЫҰ бас хатшысымен кездесті

2017 жылдың 4 сәуірінде Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы (ШЫҰ) төрағалығы аясында сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ШЫҰ бас хатшысы Рашид Алимовпен кездесті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар ШЫҰ қызметінің ағымдағы мәселелерін, оның БҰҰ-мен және басқа халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылының  қорытындысын, сондай-ақ ШЫҰ аясындағы экономикалық ынтымақтастықты күшейту жөніндегі шараларды талқылады.

Қайрат Әбдірахманов сұхбаттасын Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігінің басымдығы туралы хабардар етті, сондай-ақ ШЫҰ қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныс енгізді. Министр "Ұйым өнімді өңірлік құрылымдарының бірі болып табылады, ШЫҰ-ның айтарлықтай әлеуеті бар", – дейді.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары кеңесі (Астана, 8-9 маусым) және сыртқы істер министрлері кеңесінің (Астана, 20-21 сәуір) отырыстарын дайындау барысы туралы, сондай-ақ Ұйымның Астанадағы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу мәселесі талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу