Сыртқы істер министрлігі дактилоскопиялық тіркеуді жүргізетін болады

70

Қаулы қолданысқа енгізілді. 

Сыртқы істер министрлігі дактилоскопиялық тіркеуді жүргізетін болады Фото: inbusiness.kz

Сыртқы істер министрлігі ҚР заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асыратын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үкімет "Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы қаулыға өзгерістер мен толықтыру енгізді.

Құжатқа сәйкес, ведомствоға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асыру міндеті жүктелді. 

Бұдан басқа СІМ шетелде Қазақстан азаматының паспортын алуға үміткер қазақстандықтардан, ҚР визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидаларын әзірлеп, бекітетін болады.

Қаулы 10 қыркүйекте қабылданып, қолданысқа енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу