Сыртқы істер министрлігі Қайсар Қамзаның жағдайына қатысты пікір білдірді

325

 Қайсар Қамза Вьетнамда қамауда отыр. 

Сыртқы істер министрлігі Қайсар Қамзаның жағдайына қатысты пікір білдірді Фото: әлеуметтік желіден

ҚР Сыртқы істер министрлігі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеу жарияланған блогер Қайсар Қамзаның Вьетнамда қамауда отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, бұл азамат Вьетнам аумағында қамауда отыр. Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. Экстрация Бас прокуратура құзыретінде және осы органдардан тиісті мәлімдеме болады", – деді ҚР СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев.

Бұған дейін заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде жүрген блогер Қайсар Хамзаның ұсталғаны жайлы ақпарат тараған.

Еске сала кетейік, Қазақстан Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының азаматы, 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған Қамза Бақытжанұлына халықаралық іздеу жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу