Сыртқы қарыз 3,68 млрд долларға азайды

901

1 сәуірдегі көрсеткішке сәйкес, мемлекеттік кепілдендірілген сыртқы берешек 41,6 млрд долларды құраған. 

Сыртқы қарыз 3,68 млрд долларға азайды

Қазақстанның сыртқы қарызы 3,68 млрд теңгеге азайды. 2020 жылдың бірінші тоқсанына қатысты Қаржы министрлігі осындай есеп жариялап отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Ал жалпы 1 сәуірдегі көрсеткішке сәйкес, мемлекеттік кепілдендірілген сыртқы берешек 41,6 млрд долларды құраған. Яғни, 18 трлн 668 млрд теңгеден асқан. 2019 бұл көрсеткіш 17,2 трлн болған. Соның 12,8 трлн теңгесі Үкіметтің қарызы болса, 3,4 теңгесі – Ұлттық банктің берешегі.

Ұлттық экономика министрлігінің дерегі бойынша, ЖІӨ өсімі 68,9 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылмен саластырғанда 4,5%-ға жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу