Сыртқы қарыздардың цифрлық тізбесі әзірленеді

651

Ақша-несие саясатының стратегиясы қабылданады.

Сыртқы қарыздардың цифрлық тізбесі әзірленеді

Елдің сыртқы қарыздары туралы алыпқашпа әңгімені доғару үшін Ұлттық банк пен Ұлттық экономика министрлігі  цифрлық тізбе әзірлейтін болады. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысына қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді. 

"Еліміздің сыртқы кредиторлар алдында шектен тыс қарызға батқанына қатысты алыпқашпа әңгімені тоқтату талабы туындап тұр. 2020 жылдың сәуіріне дейін Ұлттық экономика министрлігі мен Ұлттық банк сыртқы қарыздар тізбесін цифрланған дереккөз ретінде дайындауы тиіс. Келесі мәселе – ұлттық валюта бағамының тұрақсыздығы. Бұл біздің кәсіпкерлеріміз бен азаматтарымызды алаңдатып отырған мәселе. Менің тапсырмам бойынша Ұлттық банк бағам саясатының ашықтығын, сол арқылы оған халықтың сенімін арттыратын тетіктерді әзірледі. Ұлттық Банк 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қор трансферттерінің валюта нарығындағы айырбасын ай сайын және тоқсан сайын жариялап отыруға тиіс. Сонымен бірге, айырбас кестесі де жарияланады", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу