Сырттан келетін тауарларға бақылау күшейтіледі

364

Осы мәселе бойынша Сауда және интеграция министрлігі ішкі нарықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы штаб құрды.    

Сырттан келетін тауарларға бақылау күшейтіледі Фото: kgd.gov.kz

Оның құрамына Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері енген, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық арнаға сілтеме жасап. Енді сырттан келетін тауарларға мониторинг жүргізіліп, арзан және күмән келтіретін өнімдер қатаң бақылауға алынады.

"Жалпы осы сұрақ бойынша Сауда және интеграция министрлігінде штаб құрылды. Бұл штабтың жұмысының мақсаты - ішкі нарықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Оның ішінде басқа өңірлерден келетін импорттық тауарларға мемлекеттік бақылау жүргізу мәселесі. Әр мекеме өз құзыреттік шеңберінде ішкі нарықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс шаралар жүргізіп жатыр", - деді ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қасымов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу