Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

752

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.    

Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі оңтүстік өңірлерден көшіп келген қазақстандықтармен кездесіп, олардың өмір сүру жағдайымен танысады.

Тамара Дүйсенова СҚО кәсіпкерлерімен жұмыспен қамту және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр. Жастармен кездесуде министр мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып береді.

Сонымен қатар министр ҮЕҰ және ардагерлер кеңесінің өкілдерімен, көпбалалы аналармен және мүгедектігі бар адамдармен, сондай-ақ өңір активімен кездесулер өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу