Табиғи өрттің 50%-дан астамы адам әрекетінің салдарынан болады - ТЖМ

474

Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 34 орман өрті тіркелді.

Табиғи өрттің 50%-дан астамы адам әрекетінің салдарынан болады - ТЖМ Фото: ТЖМ

Табиғи өрттердің шығу себептерін талдау көрсеткендей, өрттердің тек 43%-ы табиғи құбылыстардан, найзағай разрядтарынан болса, 50%-дан астамы адам әрекетінің салдары болып табылады, деп хабарлайды inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, ТЖМ елдегі өрт қауіпті кезеңнің басталуы туралы айтты. 

"Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 34 орман өрті тіркелді. Өрттің жалпы ауданы 7 мың гектардан асты. Сонымен қатар, 235 дала жануы тіркелді, өрттің ауданы 1 088 гектарды құрады", - делінген хабарламада.

Елді мекендерде 1 122 км. минералданған жолақтар жасалды, 776 елді мекенде құрғақ өсімдіктер мен жанғыш қоқыстардан тазарту жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу