banner

Табыс декларациясын қанша қазақстандық тапсырды

698

Қазақстандықтар табыс декларациясын өткізу үшін Е-Salyq-Azamat мобильді қосымшасын пайдаланған.

Табыс декларациясын қанша қазақстандық тапсырды

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев биыл табыс декларациясын қанша қазақстандық тапсырғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Біз бұл рәсімді алғаш болып ТМД-да енгіздік. Жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаты жеке тұлғалардың кірісі мен мүлкін бақылаудың тиімді жүйесін құру болып саналады. Осы рәсімді қиындықсыз енгізу үшін бірінші кезең басталғанға дейін біз өз жүйелерімізді уәкілетті органдардың деректер базасымен біріктірдік", – деді министр.

Ерұлан Жамаубаевтың пікірінше, декларация рәсімі мен декларация нысаны барынша оңайлатылған. Бүгінде оны электронды үкімет порталы, "Салық төлеушінің кабинеті", Е-Salyq-Azamat мобильді қосымшасы арқылы тапсыруға болады.

"Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 497 мың қазақстандық табыс декларациясын тапсырды. Декларацияны тапсырудың ең танымал сервисі – Е-Salyq-Azamat мобильді қосымшасы. Ол бойынша барлық декларацияның 54%-ы тапсырылды", – деді ведомство басшысы.

Дәурен Ерболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу