Табысы 500 мыңнан асатын адамдар 42 500 теңге алуға өтініш берген

1166

Министр 1 873 азаматқа мемлекеттік жәрдемақы төленбейтінін мәлімдеді.  

Табысы 500 мыңнан асатын адамдар 42 500 теңге алуға өтініш берген

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі мемлекеттік жәрдемақыны осы ақшаға мұқтаж азаматтар алуға тиіс екенін мәлімдеді. 

"Ең алғашқы күні 412 мың адамның өтініші қабылданды. Оның ішінде 1 873 азаматтың өтініші ерекше көзге түсті. Төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылғанын мәлімдеген азаматтар қаңтар, ақпан, наурыз айларында орта есеппен 500 мыңнан жоғары, миллион теңгеге дейін табыс тапқан. Олардың 16 наурыздан кейін ақшасы қалмай қалыпты. Бұл енді дұрыс емес шығар. Біз ол кісілерден кешірім сұраймыз, уақыттарын бөлді, сайтқа кіріп, өтініш қалдырды, бірақ оларға 42 500 теңге әзірше төленбейді.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу