Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен де аздардың үлесі артып барады

1306

Қазақстан халқының 4%-ы кедейлік шегінде өмір сүреді.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен де аздардың үлесі артып барады

Табысы ең төменгі күнкөрістен де нашар халықтың саны тек 1996 жылдан бастап есепке алыныпты. Ол кезде кедейлік шегінде өмір сүретіндердің үлесі 34,6 процент болған, деп хабарлайды Atameken Business.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұрмысы төмен адамдар саны 2001 жылы салыстырмалы түрде көп тіркеліпті. Халықтың шамамен 50 пайызға жуығы ең төменгі күнкөріс деңгейінен де төмен жағдайда өмір сүрген. Одан кейінгі жылдарда жағдайдың біртіндеп жақсара бастағаны аңғарылады. 2011 жылы кедейлік шегінде өмір сүретіндер саны күрт төмендеп, үлесі 5,5 пайызды құрады. Одан кейінгі жылдары да жағдай жақсарған. Тек 2018 жылы 4,3-ке жеткенін байқауға болады. 2019 жылы да тура осы пайыз.

Ұлттық статистика бюросындағылар биылғы жылдың көрсеткішін әзірге жарияламаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу