Таеквондодан Қытайдағы әлем чемпионатында Айдана Құмартаева қола медаль алды

146

Қазақстан құрамасы ел қоржынына екінші жүлдесін салды.

Таеквондодан Қытайдағы әлем чемпионатында Айдана Құмартаева қола медаль алды Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы

Отандасымыз Айдана Құмартаева халықаралық жарыста қола медаль жеңіп алды. Ол 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік үш спортшының қатарына енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жартылай финалда түрік спортшысы Эмине Гёгебаканмен кездескен Айдана қарсыласына есе жіберді. Осылайша, қазақстандық спортшы әлем чемпионатын үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Нодира Ахмедова да қола медальға ие болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу