Таеквондошы Жансель Дениз Универсиаданың күміс медалін жеңіп алды

993

Таеквондошы Жансель Дениз Универсиаданың күміс медалін жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз Универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы қыз бастапқы айналымда еш қиналған жоқ.
Финалға дейін ол түрік таеквондошысы Суде Булутпен кездесті. Нәтижесінде Жансель Дениз қарсыласын 3:1 есебімен жеңіп шықты.
Ал алтын медаль үшін ол кореялық Дабин Лимен таласты. Кореялық таеквондошы Жансель Денизді 34:11 есебімен жеңіп кетіп, алтын жүлдеге ие болды.
Бұл Универсиада ойындарындағы Қазақстан құрамасының 12 жүлдесі. Қазір біздің еншімізде 3 алтын (Альберт Линдер, Айдар Қазов, Денис Уланов  - ауыр атлетика), төрт күміс (Корина Горичева, Рүстем Сыбай - ауыр атлетика, Дмитрий Баландин - жүзу, Жансель Дениз - таеквондо) және бес қол жүлде (Отгонцерцэцэг Галбадрах, Рустам Ибраев, Бекәділ Шәймерденов - дзюдо, Арли Чонтек - ауыр атлетика, Дмитрий Баландин - жүзу) бар.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу