Тағы 16 штаттың соттары Дональд Трампты сайлауға жіберу туралы шешім қабылдай ма?

225

АҚШ президенттігіне басты кандидатты Республикалық партияның сайлау додасынан шеттету барған сайын шынайы бола түсуде. 

Тағы 16 штаттың соттары Дональд Трампты сайлауға жіберу туралы шешім қабылдай ма? Фото: pixabay.com

Американың 16 штатында Дональд Трамптың алғашқы сайлауға – праймеризге қатысуына жол бермеу туралы сот ісі қозғалды. Колорадо Жоғарғы сотының экс-президенті бүлікке қатысқандықтан, сондай-ақ штатта сайлауға түсе алмайды деп шешкеннен соң, елде шағымдар көбейе түсті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты The New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Трамптың сайлауалды штабының өкілдері Колорадо сотының шешіміне шағымданатындарын мәлімдеген.

Сонымен қатар, 3492 америкалықтардың арасында жүргізілген сауалнама респонденттердің 54%-ы Трамптың праймеризге қатысуына тыйым салу шешімін үзілді-кесілді қолдайтынын көрсетті, деп хабарлайды today.yougov.com порталы. Алайда, сауалнамаға қатысқан АҚШ азаматтарының 35%-ы оқиғалар дамуының бұл тізбегін құптамайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу