Тағы 3,3 млрд теңгеге дәрі сатып аламыз – Ерхат Есқалиев

830

"СҚ Фармация" шалғай аудандарды дәрімен интервенция әдісі бойынша қамтымақ. Серіктестіктің басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев осылай деп отыр.

Тағы 3,3 млрд теңгеге дәрі сатып аламыз – Ерхат Есқалиев

"Жаздағы ажиотаждың қайталануын болдырмау үшін Үкімет бірыңғай дистрибьютерге дәрі-дәрмектерді толайым сатып алып, интервенция түрінде бөлшек саудаға шығару функциясын берді. Мұндай функционал карантин кезінде ғана және COVID-19 індетінен емдеу хаттамасына енген 30 санаттағы дәрілерге ғана жүреді. Сатып алынатын дәрілердің атауын уәкілетті орган арнайы комиссияның ұсынымы бойынша бекітті. Әкімдіктер осы аталымдар бойынша өтінім берді. 3,3 млрд теңгеге екі айдың қоры болатындай көлемде дәрі сатып аламыз. Бұл қор бірыңғай дистрибьютердің 17 өңірдегі операциялық қоймаларында өздері берген өтінім бойынша сақталады. Сондай-ақ бөлшек сауда желілері де белгіленген. Бұл – шалғай ауылдарда да желісі бар 1163 дәріхана. Үкіметтің тапсырмасы осындай. Аудандардың бәріне дәріні қолжетімді ету үшін осындай интервецния жүргізугу міндеттіміз. Осылайша өңірлерде дәрі тапшылығы байқалса, әкімдіктер берген тізім негізінде бөлшек сауда дәріханаларына тиісті мөлшерде дәрі жөнелтіліп отырады", – деді ол. 

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу