Тағы 4 елмен әуе қатынасы қысқарады

781

Тізімге Украина, Германия, Белорусь және БАӘ қосылды.

Тағы 4 елмен әуе қатынасы қысқарады

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың құбылуы – Қазақстанға қатынайтын әуе рейстерінің санын күн санап қысқартуда. Бұл жолы бірден 4 елмен әуе қатынасы қысқарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер, вице-министр Ерлан Қиясов айтты.

"Біз бірнеше бағыт бойынша әуе рейстерінің санын қысқартуды жоспарлап отырмыз. Бұл: Украина, Германия. Белорусь және Біріккен Араб Әмірліктері. БАӘ-ге ұшып шығу рейстері қысқаратын болады. Бұған дейін біз Түркиямен арадағы рейстерді қысқартатынымызды хабарлаған болатынбыз. Осындай жоспарымыз бар және ол жуық арада іске асады", – деді бас санитар. 

Сондай-ақ ол шетелден келушілерден ПТР-тест анықтамасын талап ету ережесі өз нәтижесін беріп жатқанын айтты. Ереже қолданысқа енгенге дейін жолаушылардың 70 пайызы тиісті анықтамасыз ұшып келген болса, қазір жолаушылардың 80 пайызы анықтамамен келетін болған. Оның айтуынша, шетелден келген отандастарымызды қосымша ПТР-тестен өткізуге бюджет есебінен 34 млн шығындалған.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу