Тағы 9 қазақстандық кәсіпорын Жапонияға жылқы етін экспорттай алады

602

Бұған дейін 34 қазақстандық кәсіпорын ет тасымалдайтын.

Тағы 9 қазақстандық кәсіпорын Жапонияға жылқы етін экспорттай алады

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Жапонияның ауыл, орман және балық шаруашылығы министрлігі арасындағы екі жақты белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде Жапонияға жылқы етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне тағы 9 қазақстандық ет өңдеу кәсіпорны енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпорындар:

"Kaindy" ЖШС (Алматы облысы);

 "ASEM-ZHETYSU" ЖШС (Алматы облысы);

"Meat processing Complex Bizhan" ЖШС (Ақмола облысы);

"Asyl-Asyl" (Атырау қаласы);

ЖК "Kuanysh" (Атырау қаласы);

ШҚ "Birlestic" (Қарағанды облысы);

"EURASIA INVEST LTD" ЖШС (Қарағанды облысы);

"ARAY KZ" ЖШС (Қарағанды облысы);

"BEEF EXPORT GROUP" ЖШС (Қостанай облысы).

Осылайша, бүгінгі таңда жалпы 43 отандық ет өңдеу компаниясы өз өнімдерін Жапония аумағына экспорттай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу