Тағы бір кәсіби мерекені бекіту ұсынылды

1189

15 сәуір – Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні болып бекітілуі мүмкін.

Тағы бір кәсіби мерекені бекіту ұсынылды

Қазақстанда Мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің күнін мерекелеу ұсынылды. Бұл туралы ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Елімізде Мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің күнін ресми түрде мерекелік күндердің тізбесіне енгізу жоспарланып отыр. 

"Құжатқа сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізбесін бекіту туралы "ҚР Үкіметінің 2017 жылдың 31 қазанындағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Үкіметі қаулысының жобасын 5-1-тармақпен толықтыру ұсынылады. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 15 сәуір", - деп жазылған қаулы жобасында.

Ұсыныс 25 наурызға дейін талқыға салынады.

Құжатты Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әзірлеген.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу