Тағы бір мұсылман елі криптовалютаға тыйым салды

840

Тағы бір мұсылман елі криптовалютаға тыйым салды

Катардың орталық банкі ел аумағында биткоинмен байланысты кез келген қаржылық опреацияны жүзеге асыруға, есеп айырысуға, ұлттық және өзге валютаға айырбастауға, биткоинмен мәміле жасауға банктен шот ашуға, биткоинды сатып алу немесе сату мақсатында ақша аударуға, т.б. қатаң тыйым салды, деп хабарлайды kazislam.kz.

Катардың орталық банкі криптовалютамен байланысты мәмілелерден сақтандыру үшін арнайы циркуляр да шығарды. Аталмыш тыйымды елемегендерге шара қолданылады.

"Электронды ақша заңсыз ақша, өйткені, қандай да бір ұлттық банк немесе үкімет оған кепілдік беріп отырған жоқ. Бұған қоса, бұл валюта бағасының ауытқу қатері жоғары. Бұл өз кезегінде қаржылық қылмыста, дәлірегі, алаяқтық мақсатта пайдаланып, пайда табатындар қатарын арттырады", - деп түсіндірді Катардың орталық банкі тыйым салуды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу