Перизат Қайрат пен оның анасының ісі қайта қаралатын болды

276

Олардың адвокаты тиісті шағым түсірген.  

Перизат Қайрат пен оның анасының ісі қайта қаралатын болды Фото: 01pk

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға шыққан сот үкімі апелляцияда қаралады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, сот отырысы 24 қыркүйек күні 14:30-ға белгіленген.

"2025 жылғы 24 қыркүйекте апелляциялық инстанция Перизат Қайрат пен оның анасы Алашбаева Г.-ның адвокаты берген апелляциялық шағымды қарайды", – делінген сот таратқан ресми ақпаратта.

Айта кету керек, бұған дейін Перизат Қайрат – 10 жылға, анасы – 7 жылға сотталғанын жазғанбыз. Олардан 50 жәбірленушіге 1,5 млрд теңге өндіріп алынбақ. Перизат Қайрат та, анасы да жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейтін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу