Таиланд пен Қазақстан арасында әуе рейстерінің саны артады

462

Таиланд Премьер-Министрі Прают Чан-о-ча Қазақстан Елшісі Арман Исетовті қабылдады. 

Таиланд пен Қазақстан арасында әуе рейстерінің саны артады

Кездесу барысында Премьер-Министр дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығымен құттықтап, Қазақстан мен Таиланд арасындағы сенімді әріптестік байланыстарды атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Генерал Прают Чан-оча елдеріміздің өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ұстанымдарының ұқсастығын атап өтті. Осы үдерістегі Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің (АӨСШК) жоғары рөлін ескере отырып, Таиланд Астанадағы АӨСШК 6-шы Саммитіне қатысуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар тай үкіметінің басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту қажеттігі туралы айтты. Соңғы бірнеше жылда өзара тауар айналымы дәйекті түрде өсіп, одан әрі ынтымақтастық әлеуетін сақтап келеді. Логистикалық қашықтықты ескере отырып, Прают Чан-оча тауарларды жеткізудің балама жолдарын іздеу қажеттілігіне назар аударды. Бұл ретте тай компанияларының Қазақстанда бизнес жобаларды іске асыруға мүдделілігі атап өтілді.

Бұған қоса, тараптар жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы өсіп келе жатқан проблемаға ортақ алаңдаушылық білдірді. Осыған байланысты Елші Қазақстанның бидайдың ірі өндірушілерінің бірі ретінде әлемнің мұқтаж елдеріне астық өнімдерін жеткізу әлеуетін атап өтті.

Сондай-ақ тараптар туризмді өзара дамыту мәселесін талқылады. Қазақстандық дипломат туристер ағымын арттыратын екі ел арасындағы тұрақты рейстер санының артуы туралы хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты барлық деңгейде жалғастыруға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу