Таиландта үш жарылыс болды

1003

Таиландта үш жарылыс болды

Таиландтың оңтүстігіндегі Ялла провинциясында болған екі жарылыстан 1 адам қаза тауып, 18 тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды 24.kz.

 Жергілікті телеарнаның хабарлауынша, Кабанг ауданында 2 емес, 3 жарылыс болған көрінеді. Алғашқы теракт полиция бекеті жанында жасалған. Абырой болғанда, одан ешкім жапа шекпеген. Осыдан кейін оқиға орнына келе жатқан әскерилер көлігі минаға түсіп, содырлармен атыс басталған. Ал үшінші теракт алғашқы жарылыс жасалған полиция бекетінің қасында болып, көп адам жараланған. Өйткені тергеу жүріп жатқан жерде бұлай болады деп ешкім күтпесе керек.

Әзірге шабуылды еш лаңкестік топ мойнына алған жоқ. 

Айта кетейік, негізінен мұсылман дінін ұстанатын этникалық малайлар тұратын оңтүстіктегі Ялла, Наративат және Паттани аймағында елден бөлінуді қалайтын сепаратистік топтар әрекет етеді. 2004 жылдан бері жалғасып келе жатқан қақтығыстан 6 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу