"Таиландтан келген "тәтті": Астанада 2 адам есірткі контрабандасы үшін сотталды

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

"Таиландтан келген "тәтті": Астанада 2 адам есірткі контрабандасы үшін сотталды Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Істер бойынша мемлекеттік айыптауды көлік прокуратурасы қолдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Астанада есірткі контрабандасы мен оның заңсыз айналымына қатысы бар Қазақстанның екі азаматына қатысты сот үкімі шығып отыр.

– Бірінші іс бойынша 20 жастағы бойжеткен ақшалай сыйақы үшін Таиландтан жалпы салмағы 4,7 келі каннабис экстракты салынған екі шабаданды жеткізген. Ол есірткіні тәттілер ретінде алып өтуге тырысқан. Заңсыз жүк оның елордалық әуежайға ұшып келген бойда анықталып, тәркіленді – делінген хабарламада. 

Сот оған 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Екінші іс бойынша 39 жастағы ер адам 2024 жылдың көктемінде есірткіні халық тұтынатын тауарлар ретінде жасырып, Таиландтан Қазақстанға пошта қызметі арқылы жіберуді ұйымдастырған.

– Бұл партияны алушы үш адам бұған дейін белгіленген мерзімдерге сотталған болатын. Есірткіні жіберушіге іздеу жарияланып, ұсталғаннан кейін сот алдына келді. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Үкімдер заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу