Қытай мен Қазақстан азаматтары Таиландқа визасыз бара алады

393

Таиланд пен Қазақстан арасындағы визасыз режим 2023 жылдың 25 қыркүйегі мен 2024 жылдың 29 ақпаны аралығында қолжетімді. 

Қытай мен Қазақстан азаматтары Таиландқа визасыз бара алады Фото: uzdaily.uz

Таиландтың Министрлер Кабинеті 2023 жылғы 25 қыркүйек пен 2024 жылғы 29 ақпан аралығында Қытай мен Қазақстан азаматтары үшін туристік визалардың күшін жоюға шешім қабылдады, деп жазады Inbusiness.kz UzDaily-ге сітеме жасап.

Үкіметтің саясатына сәйкес Сыртқы істер министрлігі 30 күннен аспайтын мерзім ішінде Таиланд Корольдігінің аумағына кіру және болу үшін қытайлық және қазақстандық паспорттардың иелеріне туристік визаларды ресімдеуді талап етілмейтін жүйені ұсынды. Ол уақытша негізде 2023 жылдың 25 қыркүйегінен 2024 жылдың 29 ақпанына дейін қолданылады.

Бұл бастама туризмді қалпына келтіруге және Қытай Халық Республикасымен және Қазақстан Республикасымен екіжақты қатынастарды нығайтуға бағытталған және 2023 жылғы 13 қыркүйекте Таиланд Министрлер Кабинетімен бекітілген.

Үкімет бұл шара елдер арасындағы маршруттар мен әуе рейстерінің жиілігін арттыруға, экономиканы ынталандырудың негізгі факторы — Таиландтың туристік индустриясын дамытуға ықпал етеді деп есептейді. Сондай-ақ, 2023-24 жылғы Жоғары туристік маусымда Таиландқа сапар шегетін қытайлық және қазақстандық туристерге виза ресімдемей Таиландқа кіруге және тиісінше оны төлеуден босату сияқты жеңілдіктер жасалады.

Осылайша, 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап қазақстандық паспорттардың иелері Таиланд Корольдігіне мөр таңбамен (визасыз және визалық алым төлемей) кіре алады және елде 30 күнге дейін болуға рұқсат етіледі.

Қазіргі уақытта қолданыстағы "келу визасын" рәсімдеу тәртібі 2200 бат мөлшерінде визалық алым төлеуді талап етеді және елде 15 күн болуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу