Тайвань Қарулы күштері аралға бір тәулік ішінде Қытайдың 27 ұшағы мен 9 кемесінің жақындағанын тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz аралдың қорғаныс басқармасының мәлімдемесіне сілтеме жасап.
10 ұшақ Тайвань бұғазының ортаңғы сызығынан өтіп, аралдың солтүстігі мен оңтүстік-батысындағы әуе қорғанысын анықтау аймағына кірген. Олардың арасында BZK-005 дроны, алты J-10 жойғышы, екі J16 жойғышы, бір Y-8 ұшағы бар.
Тайвань армиясы нысандарды бақылау үшін авиацияны, кемелерді, сондай-ақ жердегі зениттік зымыран кешендерін іске қосты.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        