Тайвань маңында Қытайдың 100-ден астам әскери ұшағы байқалды

Ел билігі арал маңында Қытайдың тоғыз әскери кемесін байқады. 

Тайвань маңында Қытайдың 100-ден астам әскери ұшағы байқалды Фото: pexels

Қытай әскері соңғы 24 сағат ішінде Тайвань маңындағы аймақтарға патрульдік қызмет көрсетуге 103 ұшақ жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.

Бұл ұшақтар жексенбі күні таңнан бастап, тәулік бойы аралдың маңында байқалған. Барлық ұшақтар Тайвань әуе кеңістігіне жетпей бұрылды.

40 ұшақ Қытай мен арал арасындағы жолдың жартысын кесіп өтті. Олардың ішінде 30-дан астам жойғыш және танкерлік ұшақтар. Тайвань билігі де алдыңғы 24 сағат ішінде арал маңында Қытайдың тоғыз әскери кемесін байқады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу