Такер Карлсон: АҚШ жаһандық соғысқа дайындалып жатыр

1187

Ақ үй бұл пікірге қатысты түсінік бермеді.

Такер Карлсон: АҚШ жаһандық соғысқа дайындалып жатыр Фото: Getty Images

Ақ үй басшысы Дональд Трамптың 2027 жылы қорғаныс бюджетін арттыру туралы шешімі елдің жаңа дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатқанын көрсетеді. АҚШ журналисі Такер Карлсон осындай пікір білдірді. Бұл туралы "Риа Новости" агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Президент Пентагонның бюджеті 1 триллион доллардан 1,5 триллион долларға ұлғайтылатынын жариялады... Мұндай бюджет жаһандық немесе аймақтық соғысқа дайындалып жатқан елге тән. Біз осы бағытқа, яғни дүниежүзілік соғысқа қарай келе жатырмыз", – деді Такер Карлсон.

Консервативті көзқарасымен танылған журналист АҚШ қорғаныс бюджетін арттырудың басқа себебі жоқ дейді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп 2027 жылғы әскери бюджетті 1,5 триллион доллар көлемінде белгілеу қажеттігін айтқан болатын. Ол қазіргі уақыт қауіпті екенін алға тартқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу