Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Таласбек Қанафин ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды.
Таласбек Қанафин 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласында "Астықжан-Қарағанды" ЖШС-де жүйелік әкімші ретінде бастаған. 2009–2016 жылдары "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ құрылымында түрлі лауазымдарды атқарып, бас маманнан бастап жетекші инженер және жоба жетекшісіне дейінгі қызметтік сатылардан өтті.
2017–2019 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетіне қарасты "Резерв" ШЖҚ РМК-да Ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы, сондай-ақ бас директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
2019 жылдан 2024 жылға дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде еңбек етті. Осы кезеңде Әкімшілік жұмыс және бақылау департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, кейін Цифрландыру департаменті директорының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.