Талдықорған дүкеніндегі банк терминалын ұстаған баланы тоқ ұрды

Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, ол ауруханада ем алуда. 

Талдықорған дүкеніндегі банк терминалын ұстаған баланы тоқ ұрды Фото: instagram.com/krisp.tdk

Бұған дейін терминалға қолы тигізгенде баланы тоқ ұрған сәт әлеуметтік желілерде кеңінен тараған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқыс оқиғадан баланың саусағы күйіп қалған. Осы күні полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар "кінәлі тұлғалар жауапкершіліктен жалтармайды" деп сендіріп отыр.

– Полиция қызметкерлері қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Кәмелетке толмаған бала зардап шекті. Тергеу барысында қауіпсіздік нормалары мен құрылғыны орнату ережелерінің сақталуы тексеріліп жатыр. Егер кінәлі тұлғалар анықталса, олар заңмен белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады, – деп мәлімдеді Жетісу облысы полиция департаменті. 

Аталған оқиғаға қатысты банк өкілдері де пікір білдірді. Олардың сөзінше, жарақат алған баланың еміне қажетті барлық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, оның отбасымен байланыста екені айтылып, оқиға себебін арнайы мамандар анықтайтынын мәлімдеді. 

– 21 сәуірде Талдыкорғанда бала темір торға және азық-түлік дүкені аумағында орналасқан Kaspi терминалының корпусына қол тигізгенде тоқ соғып, жарақат алды, – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу