"Талдықорған - Өскемен", "Үшарал - Достық" жолдарын жөндеу 2021 жылы аяқталады

632

Бұл транзиттік жүк тасымалы мен туристер легін арттыруға ықпал етеді.

"Талдықорған - Өскемен", "Үшарал - Достық" жолдарын жөндеу 2021 жылы аяқталады

Алматы облысындағы жергілікті жолдарды салу мен жөндеуге 62 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Жалпы жергілікті маңыздағы жолдарды салу мен жөндеу жұмыстарына 62 млрд теңге бөлінді. "Жұмыспен қамту жол картасының" арқасында ауыл ішілік жолдар жөнделді. Жөндеу жүріп жатқан 347 елді мекеннің 220-сы "Жұмыспен қамту жол картасы" шеңберінде қамтылып отыр. Соның нәтижесінде жыл соңына қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың деңгейі 84%-ға жетеді", –  деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар өңірде "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында "Талдықорған - Өскемен", "Үшарал - Достық", "Күрті - Бурылбайтал" және "Ұзынағаш - Отар" республикалық жолдарының құрылысы мен жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Барлық учаскелердегі құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталады деп күтілуде. Бұл бірінші кезекте транзиттік жүк тасымалы мен туристер легін арттыруға ықпал етеді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу