Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңғырту аяқталды

265

1947 жылы салынған нысан заманауи талаптарға сәйкес келеді.      

Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңғырту аяқталды Фото: rail-news.kz

Қайта құру барысында ғимараттың сәулеттік келбеті жаңартылып, инженерлік желілер мен жолаушылар инфрақұрылымы жаңғыртылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қасбеттік және әрлеу шешімдерін қоса алғанда, қазақстандық өндірістің құрылыс материалдары пайдаланылды. Жолаушыларды күту және оларға қызмет көрсету үшін заманауи жағдайлар жасалған. Осылайша Талдықорғанда ҚР Үкіметінің, "Самұрық-Қазына" АҚ және Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Вокзал инфрақұрылымын жаңарту бағдарламасы шеңберінде теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды.

Жоба жолаушылар сервисінің сапасын арттыруға, өңірлердің көліктік қолжетімділігін дамытуға және Жетісу облысының туристік әлеуетін күшейтуге бағытталған.

Жолаушылар инфрақұрылымы да жаңғыртылды. Жолаушылар платформасының ұзындығы 110,6-дан 198 метрге дейін ұлғайтылды, бұл жолаушыларды ыңғайлы және қауіпсіз отырғызуды және түсіруді қамтамасыз етеді. Нысан пайдалануға толығымен дайын.

Сәуір айынан бастап Астана – Талдықорған – Астана бағыты бойынша жолаушылар қатынасы іске қосылды, бұл өңірдің көлік байланысын нығайтуға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу