banner

Талдықорғанда 168 пәтерлік коммуналдық үй пайдалануға берілді

831

 Талдықорғанда 168 пәтерлік коммуналдық үй пайдалануға берілді

Астана күні қарсаңында Талдықорғанда 168 пәтерлік коммуналдық үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды khabar.kz.

Шаһардың оңтүстік-батысындағы алтыншы ықшам ауданнан салынған үйден пәтерлі болғандардың ішінде көпбалалы отбасылар мен әртүрлі топтағы мүгедек жандар бар. Облыс әкімі Амандық Баталов пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтап, отбасылық бақыт тіледі.

Өңір басшысының айтуынша, жыл соңына дейін облыс орталығында жалпы көлемі 1 мың шаршы метр болатын бірнеше үйдің кілті тапсырылады. Бұл – бұрын-соңды болмаған рекорд. Сонымен қатар қаланың бұл аймағында неке сарайы, драма театр, көрме залы сияқты бірнеше нысанның құрылысы қатар жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу