Талдықорғанда 19 жастағы жігіттер таныстарын жылдар бойы микронесие алуға мәжбүрлеген

118

Талдықорғанда полицейлер бопсалаушылар тобын қолға түсірді. 

Талдықорғанда 19 жастағы жігіттер таныстарын жылдар бойы микронесие алуға мәжбүрлеген Фото: видеодан алынған кадр

Қаланың 19 жастағы екі тұрғыны таныстарын күш қолданамыз деп қорқытып, өз атына микронесиелер рәсімдеуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жетісу облысының Полиция департаменті хабарламасында қылмыстық жоспар 2024 жылдың күзінен бері жұмыс істегені анықталды. Жәбірленушілер несие рәсімдеп, алынған қаражатты күдіктілерге берген.

Тергеу мәліметінше, 6 адам зардап шеккен. Жалпы келтірілген шығын 2 миллион теңгеден асты.

"Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Құқық қорғау органдары ескертеді: кез келген қысым көрсету немесе бопсалау фактілері орын алған жағдайда дереу полицияға жүгіну қажет. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тұрақты бақылауда", – делінген ПД хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу