Талдықорғанда 59 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үкім шықты. 1965 жылғы ер адам жасөспірім қызға зорлық-зомбылық әрекет жасады деп айыпталды.
Оқиға Панфилов ауданында болған.
Ер адам Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша (Жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) айып тағылды. Оның кінәсі толық дәлелденген.
"ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, бұл бапта басқа жаза түрі қарастырылмаған. Сот үкімімен ер адам аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды", – делінген соттың хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.