Талдықорғанда білім бөлімінің экс-бастығы өлі күйінде табылды

512

Роза Барманова қалалық білім бөлімін 2016 жылдан бастап 2022 жылға дейін басқарған.

Талдықорғанда білім бөлімінің экс-бастығы өлі күйінде табылды Фото: әлеуметтік желіден

Өткен демалыс күндері Қаратал өзенінің маңынан Талдықорған қаласы білім бөлімінің бұрынғы басшысы Роза Барманованың денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жетісу облысының полиция департаментінің мәліметінше, әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Бұл факт қалалық полицияда ресми түрде тіркелді.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды",- деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу