Тексеру барысында "Талдықорған қалалық көпсалалы аурухана" КМК медициналық қызметкерлерінің ұзақ және қауіпті қосымша жұмыс істеуінен туындаған еңбек құқықтарының бұзылулары анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мәселен, медбикелер мен дәрігерлер 24 сағаттық кезектен кейін демалыссыз жұмысқа тартылған. Бұл жағдай олардың денсаулығына қауіп төндіріп, ҚР Еңбек кодексінің 83-бабына қайшы келеді.
Талдау барысында айлық және жылдық қосымша жұмыс сағаттарының шектен тыс болғаны анықталды: 2026 жылдың қаңтар айында кейбір қызметкерлер 216 сағатқа дейін қосымша жұмыс істеген, бұл нормативтен әлдеқайда асып кеткен.
Сонымен бірге, осындай жұмысқа төлем біркелкі сома бойынша төленген, ал еңбек кодексінің 108-бабына сәйкес кемінде 1,5 есе үстеме ақы төленуі тиіс болған.
Жалпы, бұзушылықтар 700-ден астам қызметкердің құқықтарына әсер етті. Қалалық прокуратура тиісті ұсыныс енгізді, оның қаралу нәтижесінде медициналық қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.
Ал, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.