Талдықорғанда 2 шетел азаматы есірткі зертханасын ұйымдастырған

98

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Талдықорғанда 2 шетел азаматы есірткі зертханасын ұйымдастырған Фото: Бейнежазбадан

Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен Талдықорған қаласында әрекет еткен екі наркозертхананың қызметін әшкерелеп, жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бір қылмыстық схема аясында әрекет еткен 31 және 21 жастағы екі шетел азаматы ұсталды. Тергеу барысында олардың синтетикалық есірткі заттарын дайындаумен айналысқаны анықталды. Тінту кезінде зертханалық құрал-жабдықтар, химиялық реагенттер, сондай-ақ өткізуге дайындалған 1,3 килограмнан астам мефедрон тәркіленді", – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға, соның ішінде ұйымдастырушыны және басқа да қатысушыларды әшкерелеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция ескертеді: есірткі құралдарының заңсыз айналымы міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Мұндай қылмыстардың жолын кесу – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен азаматтардың болашағын қорғауға қосылған маңызды үлес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу