Талдықорғанда құм мен қиыршық тасты заңсыз қазған тұрғын ұсталды

329

Рейд барысында тиісті рұқсат құжаттарынсыз табиғи ресурстарды өндірумен айналысқан жүк тиегіш анықталды.  

Талдықорғанда құм мен қиыршық тасты заңсыз қазған тұрғын ұсталды Фото: polisia.kz

Балқашты өзенінде заңсыз құм-қиыршық тас қоспасын өндіру дерегі анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жетісу облысы полиция департаментінің Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Талдықорған қаласы аумағындағы Балқашты өзенінде құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндіру фактісін анықтап, оның жолын кесті.

Аталған дерек бойынша қажетті материалдар жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданатын болады. Арнайы техника айыптұрағына қойылды.

Полиция мәліметінше, мұндай құқық бұзушылықтар өңірдің экологиялық ахуалына елеулі зиян келтіріп, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына және қоршаған ортаға кері әсер етуі мүмкін.

– Пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру тек заң бұзушылық қана емес, сонымен қатар экожүйеге төнетін елеулі қауіп. Осыған байланысты мұндай деректерді анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі профилактикалық әрі жедел жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері осындай 27-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді, – деп атап өтті Табиғатты қорғау полициясы.

Полицейлер азаматтарды Табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу