Талдықорғанда патрульдік полиция қызметкерлері алкогольдік масаң күйде көлік басқарған 52 жастағы тұрғынды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Таңғы уақытта полицейлер Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізушінің көлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны белгілі болды.
Сот шешімімен ер адам 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Полиция алкоголь ішкеннен кейін көлік тізгініне отырмауға шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу