Талдықорғанда өрт шыққан үйден 12 адам эвакуацияланды

320

Өрт тұтанған үйден 10 адам өздігінен шыққан.

Талдықорғанда өрт шыққан үйден 12 адам эвакуацияланды Фото: Бейнежазбадан

Жетісу облысының Талдықорған қаласындағы Жастар шағынауданында бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінен өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт пәтердің жатын бөлмесінде тұтанып, 10 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін 10 адам ғимараттан өздігінен шыққан. Тағы екі адамды құтқарушылар баспалдақ арқылы эвакуациялады.

Өрт толық сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, тұтануға сіріңке сияқты аз қуатты от көзі себеп болуы мүмкін.

ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу