Талдықорғанда полицейлер банкоматтарды тонаған ер адамды ұстады

447

Ұсталған күдікті облыс орталығына ұрлық жасау мақсатында Сарқан қаласынан арнайы келген, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.    

Талдықорғанда полицейлер банкоматтарды тонаған ер адамды ұстады Фото: polisia.kz

Талдықорған қаласында ақша салынған банкоматтарды бірнеше рет бұзды деген күдікпен 33 жастағы ер адамды ұсталды. Полиция сақшылары күдіктіні сауда үйінің маңында ұстаған. Ер адам банкоматты бұзып, қолма-қол ақшамен жасырынуға тырысқан. Күдіктіні ұстауға жеке күзет ұйымының қызметкері жәрдем көрсеткен. Ер адамнан ұрылардың бүкіл арсеналы – арқан, тістеуік, металл кескіш, бетперде және жұмыс қолғаптары тәркіленді. Белгілі болғандай, күдікті қылмыстарына мұқият дайындалып, ену әдістерін, бейнебақылау камераларының болуын және қашу жолдарын зерттеген.

"Қазір күдіктінің Талдықорған қаласында үш ұрлыққа, Сарқан қаласында үш дерекке және Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында бір ұрлыққа қатысы бар-жоғы анықталуда. Алты жағдайда ақша банкоматтарын бұзу тіркелді. Жалпы шығын шамамен 8 млн теңгені құрады", – деп хабарлады қалалық полиция.

Күдікті қамауға алынды. Ер адамның басқа да қылмыстарға қатысы бар жоғы тексерілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу