Алматы облысының орталығы Талдықорғанда технологиялық агропарк ашылды, деп хабарлайды 24.kz.
Агрокешенің аумағы – 54 гектар. Оның 17 гектарына қант қызылшасы егілді. Егіс алқабына жиналған дихандарға тәтті түбірді егу, күтіп-баптау жолдары көрсетілді. Инновациялық әдістерді енгізіп, өнім көлемін екі есеге дейін арттыру мүмкіндіктері ұсынылды.
"Осы жерге дәнді дақылдардың 15 түрі егілген. Шаруалар алысқа бармай-ақ, осында үйренсін, көрсін деп ұйымдастырып отырмыз. Облыс әкімі ақша бөлді",– дейді облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров.
Бұл – облыстағы екінші технологиялық агропарк. Алғашқысы Қарасай ауданында ашылды. Ол оңтүстік өңірдегі шаруаларға көмектеседі. Ал Талдықорғандағы кешен солтүстіктегі дихандардың жер жыртып, егін егуіне жәрдемдеседі.