Талдықорғанда түтін басқан үйден 7 бала құтқарылды

360

Өрттің себебі анықталып жатыр. 

Талдықорғанда түтін басқан үйден 7 бала құтқарылды Фото: видеодан алынған кадр

Өрт сөндірушілер балаларды тұрғын үйде шыққан өрттен құтқарды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Талдықорған қаласы Қаратал шағын ауданында 5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Өрт бірінші қабаттағы пәтерде тіркелген, салдарынан кіреберісі тығыз түтінге толды.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖД бөлімшелері келді. Құтқару барысында автосатының көмегімен жоғарғы қабаттағы терезелерден 8 адам, оның ішінде жеті бала құтқарылды.

Зардап шеккендер жоқ. Алдын алу мақсатында құтқарылғандардың барлығы қосымша медициналық тексеру үшін Талдықорған қаласының көп бейінді ауруханасына жеткізілді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу