"Мен сенің балаңмын, мама!": Талдықорғанда зейнеткер алаяққа 3,5 млн теңгесін аударып жіберген

423

Әлеуметтік желілерде тараған видеода зейнеткердің банкомат маңында ер адаммен бейнебайланыс арқылы сөйлескен.  

"Мен сенің балаңмын, мама!": Талдықорғанда зейнеткер алаяққа 3,5 млн теңгесін аударып жіберген Фото: Видеодан скриншот

Талдықорғанда өтіп бара жатқан адамдар қарт әйелдің алаяққа ақша аударуына жол бермеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жанында тұрған адамдар әйелді телефонның ар жағындағы адамның алаяқ екенін айтып, сендіруге тырысқан. Ал әлгі адам өтіп бара жатқан адамдар араласқаннан кейін агрессивті түрде сөйлей бастаған.

Оқиға куәгерлері оның жүзін көрсетуді талап еткен, алайда ол бет-әлпетін көрсетпеген. Осыдан кейін әйел олармен бірге полицияға баруға келіскен.

– Талдықорған қаласының тұрғынының арызы бойынша алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Полиция азаматтарды телефон арқылы бейтаныс адамдардың нұсқауларын орындамауға шақырады. Әсіресе алаяқтар жиі айтатын "қауіпсіз шотқа" ақша аудармау қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу