Талдықорғандағы жалғыз ЖОО-ға 35 миллион теңгенің сертификаты табысталды

1285

Талдықорғандағы жалғыз ЖОО-ға 35 миллион теңгенің сертификаты табысталды

Алматы облысында жетім, жағдайы төмен және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға қосымша білім гранттары бөлінді, деп хабарлайды khabar.kz.

Жергілікті билік Талдықорған қаласындағы жалғыз мемлекеттік оқу орнына 35 миллион теңгенің сертификатын табыстады. Алдағы 2-3 жыл ішінде әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары үшін облыстық қазынадан тағы да 200 млн теңге қаражат бөлінеді. Қазіргі таңда аталған оқу орнында облыс әкімінің гранты бойынша 87 болашақ мұғалім білім алып жатыр. 

"Қазір біз қос мамандық бойынша лицензия алуға құжат әзірлеп қойдық. Яғни ол химия және биология маманы, тарихшы немесе география саласының маманы бола алады. Қазір аз жабдықталған мектептерге мұнай мамандары өте қажет", - дейді І.Жансүгіров атындағы ЖМУ проректоры Ләззат Еркінбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу