Талдықорғанның әуе базасы жаңа ұшақтармен толықты

834

Талдықорғанның әуе базасы жаңа ұшақтармен толықты

Еліміздің әуе қорғаныс күштері жаңа ұшақтармен толықты. Жоғары санаттағы "Су-30 СМ" жойғыштары Талдықорғандағы әуе базасына келіп қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұндай теңдесі жоқ әскери ұшақтар бүгінде дүниежүзі бойынша тек Ресей мен Қазақстанның қарулы күштерінің қолданысында. Ауа райының әр түрлі жағдайында әуедегі және жердегі нысандармен ұрыс жүргізе алатын әмбебап техника түрлі сынақтан сүрінбей өткен. Сағатына 2500 шақырымға дейін үдетіп, 19 мың метр биіктікте ұша алады. 2015 жылдан бері Талдықорған әуе базасына 6 "Су-30 СМ" ұшағы келді. Бүгін тағы екі ұшақпен толығып,  саны 8-ге жетті.

"Бұл ұшақтар көп функциялы, өте жоғары маневрлі. Ұрысты кез келген жерде, әртүрлі жағдайда жүргізе алады. Бірнеше қару түрімен жабдықталған. Бір мезетте әуедегі және жердегі қарсыласымен ұрыс жүргізеді. Қолдану мерзімі 25 жылдан жоғары", -  дейді Ресей ұшқышы Сергей Манадышев.

Әуе кемелерін Ресейдің Иркутск қаласынан тәжірибелі ұшқыштар жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу