Алматы облысында прокуратура органдары мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың бірі аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Талғар ауданының Бесағаш ауылында су құбыры желілерінің құрылысы толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді. Талғар ауданының прокуроры құрылыс нысанына барып, жобаның іске асырылу нәтижелерімен танысты.
Жоба ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Оның нәтижесінде Бесағаш ауылының халқы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылып, үздіксіз ауыз суға қол жеткізді.
Прокуратура мәліметінше, бұл жұмыс мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру аясында жүзеге асырылды.