Талғар маңындағы Тұздыбастау ауылында газ баллоны жарылып, екі адам қаза тапты

357

Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді. 

Талғар маңындағы Тұздыбастау ауылында газ баллоны жарылып, екі адам қаза тапты Фото: inform.kz

Алматы қаласының іргесінде орналасқан Тұздыбастау ауылында газ баллоны жарылып, анасы мен ұлы ауруханаға түсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"2 тамыз сағат 18:07-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне алдын ала мәлімет бойынша Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында Достық көшесіндегі жеке тұрғын үйде тұтанусыз газ-ауа қоспасының тарсылы болғаны туралы хабарлама түсті.

Осы үйден 2 адам: 1981 жылы туған әйел (3 дәрежелі күйік, жағдайы ауыр) және 2001 жылы туған ұлы (2 дәрежелі күйік, жағдайы ауырлығы орташа дәрежеде) облыстық ауруханаға жатқызылды", - делінген Алматы облысы ТЖД хабарламасында.

Алматы облысы ТЖД азаматтардан газ баллондарын пайдалану ережелерін сақтауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу